Ел аумағында екі жол учаскесі жабық

810

Ел аумағында екі жол учаскесі жабық

Осы уақытта боранға байланысты республикалық маңызы бар екі жолдың бойындағы учаскелер жабық тұр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазақавтожол" РМК-ның мәліметінше, "Астана-Петропавл" жолының 18-231 шақырымындағы Астана-Бурабай аралығында көлік қозғалысына енгізілген шектеу 3 қаңтардан бері сақтаулы.

Бұдан бөлек, "Жезқазған-Петропавл" жолы бойынша 252-ші шақырымдағы Қарағанды облысы шекарасынан бастап, 595-ші шақырымдағы Солтүстік Қазақстан облысы учаскесіне дейін көліктің барлық түрлері үшін жол жабық. Еліміздің өзге республикалық маңызы бар автожолдары қазіргі уақытта ашық және оларда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу