Ел аумағында есірткінің көтерме саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

797

Ел аумағында есірткінің көтерме саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олардан жалпы салмағы 10 келі гашиш пен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ел аумағында есірткінің көтерме саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

"Бұл бір партиядан алынған есірткінің өзі 200 мың дозаға жетерлік", - дейді полицейлер.

Қара базардағы құны – 14 млн теңге.

Қылмыстық топ есірткі саудасына қаңтар айынан бастап кіріскен. Олар Жамбыл, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласына гашиш, марихуана тасымалдап, сатқан.

8 адамнан құралған топтың ұйымдастырушысы – Қостанай облысы Денисов ауданының 51 жастағы тұрғыны. Ол ветеринарлық дәрігер болып істейді. Есірткіні өткізуге өзінің 5 жерлесін тартыпты. Ал Шу ауданының 67 жасар тұрғыны, зейнеткер жеткізуші міндетін атқарған. Олар бұрын-соңды ешқандай, тіпті әкімшілік жауапкершілікке де тартылмаған. Енді қылмыстары дәлелденсе 15-тен 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу