Ел аумағында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады

347

"Қазгидромет" 18 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ел аумағында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады Фото: canva

Синоптиктердің болжауынша, дүйсенбі күні еліміздің батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр мен бұршақ күтілсе, Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Елдің өзге өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика аумағында жел күшейеді. Оңтүстік, батыс, солтүстік-батыс және орталық аймақтарда шаңды дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста екпінді жел соғады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-батыс өңірлерде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Абай облысының батысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады деп болжанып отыр.

Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының орталық бөлігінде, Ақмола облысының солтүстік, оңтүстік және орталық аумақтарында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының батысы, шығысы және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде, Түркістан облысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының батысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орталық бөліктерінде, Ұлытау облысында және Абай облысының шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысында, Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында және Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу