Ел аумағында жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі

176

"Қазгидромет" РМК-сы тамыздың 19-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ел аумағында жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі Фото: infoorel.ru

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 19-шы тамыз күні солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл тұрады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік – шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу