Ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады

172

"Қазгидромет" синоптиктері 13 қаңтар, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ел аумағында жел күшейіп, көктайғақ болады Фото: freepik

Синоптиктер болжамынша, кең антициклонның әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Күндіз атмосфералық фронтальды бөлімдер өткеннен кейін ғана Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Жетісу облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу