Ел аумағындағы мектептерде "Мен таңдаған жол" атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті

97

 Іс-шараны Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе ұйымдастырды.

Ел аумағындағы мектептерде "Мен таңдаған жол" атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті Фото: gov.kz

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Мен таңдаған жол" атты жалпы республикалық ашық сабағы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бастаманың мақсаты – білім алушылар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтына жауапкершілікпен қарауды дамыту және аурулардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Астана қаласындағы №103 Келешек мектебінде оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, тұрақты дене белсенділігі мен сапалы ұйқының қажеттілігі туралы айтылып, гаджеттерді шамадан тыс пайдалануды шектеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар энергетикалық сусындардың денсаулыққа зияны жөнінде ескертілді.

Айта кету керек, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елімізде білім алушылардың тамақтану сапасын арттыруға және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған мектептегі тамақтанудың жаңартылған стандарттары енгізілді. Бүгінгі бастаманы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де қолдап, оқушыларды спортпен жүйелі айналысуға және белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу