Ел аумағының 9%-ы ғана ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады

1520

Пайдаланылмай жатқан жерлер ерекше қорғалатын табиғи аумаққа қосылады. 

Ел аумағының 9%-ы ғана ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мәселесі қаралды. 

"Құжат экологиялық ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін күзету мен қорғауды көздейді. Қазіргі уақытта ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы аумағы 26 млн гектар немесе ел аумағының 9%-ын ғана құрайтындықтан биологиялық әртүрлі элементтер ретінде табиғи ресурстардың сақтау жүйесін одан ары жетілдіру мәселесі өзекті болып отыр. Заң жобасында көзделген түзетулер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер санатының құрамына қайтаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Яғни оларды сақтау мен көбейтуге ықпал етеді. Осыған байланысты жер кодексі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", – деді аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Берік Оспанов.

Қанат Махамбет 

Фото авторы: Alexandr frolov

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу