Ел азаматы ретінде өз парызымды орындауға келдім - Мұрат Әйтенов

731

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сайлауда дауыс берді.  

Ел азаматы ретінде өз парызымды орындауға келдім - Мұрат Әйтенов Фото: gov.kz

Ол өз таңдауын №231 сайлау учаскесінде жасады.

“Бүгін еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын аса маңызды саяси науқан. ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзімнің парызымды орындауға келдім”, - деп атап өтті шаһар басшысы.

Еске салайық, осыған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге сайлауда дауыс бергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу