Ел бітімгерлері қанша өтемақы алады?

Мұндай мәліметті ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев айтты. 

Ел бітімгерлері қанша өтемақы алады? Фото: gov.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар одан Қазақстан бітімгерлерінің қауіпсіздігі жөнінде сұраған еді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өз кезегінде Шайх-Хасан Жазықбаев 2024 жылдың аяғында болған шиеленісте Қазақстанның бітімгерлік ротасы қақтығысты тоқтатуға қатыспағанын жеткізді. 

– Меморандум аясында тек бітімгерлік миссия бойынша азаматтық персоналды Дамаск қаласына эвакуциямен айналысты. Сондай-ақ, басқа елдердің бітімгерлерін базаға көшіруге қатысты. Өтемақыға тоқталсақ, еліміздің заңдарымен бекітілген талап бойынша әрбір топ мүгедектігіне 6-дан 30 айлық төлемақыға дейін белгіленген. Қаза тапқан жағдайда 60 айлық мөлшерде төленеді. Ал БҰҰ жағынан 77 мың АҚШ долларына дейін төлемақы бекітілген, – деді ол.

Еске салайық, мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Таяу Шығыстағы соңғы оқиғалар аясында және Голан биігіндегі жағдайға байланысты Қазақстан бітімгерлерінің қауіпсіздігі жөнінде сұраған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу