Ел бойынша қанша ресейлік жұмыс істейді?

Республикаға Ресейден келген 20 мың студент бар.  

Ел бойынша қанша ресейлік жұмыс істейді? Фото: РИА Новости

Бұл туралы Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 3 млн-ға жуық ресейлік келді, шамамен осыншама адам елден шықты.

"Мобилизация жарияланған кейін елімізге 837 мың адам келіп, 780 мыңы шықты. Бүгінде елімізде 298 мың ресейлік болса, оның 30 мыңы келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді. Еңбек биржасында тіркелген. Тиісінше, олардың уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар", - деді Ілияс Испанов.

Сонымен қатар Қазақстанда Ресейден келген 20 мың студент бар.

"Елімізге келіп, өзге елге ұшып кететіндер де бар. 21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейлік елімізді транзит ел ретінде пайдаланып, өздері жоспарлаған мемлекетке аттанды", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу