"Вакцинацияның тиімділігін бағалау кезінде сырқаттанушылықтың 99,9% екпе алмағандарға қатысты болатыны анықталды. Вакцинациядан кейін сырқаттанғандардың үлесі 0,1%-ды құрады. Ал вакцинацияланбағандар арасында коронавирустан қайтыс болу көрсеткіші 97,7% болды. Екпе алғаннан соң қайтыс болғандардың үлесі 2,3%-ды құрады. Олардың барлығының созылмалы ауруы болды", – деді Алексей Цой.
Министрдің мәлімдеуінше, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинацияның
бірінші компоненті 5,9 млн адамға салынды. Осылайша халықтың
59%-ы қамтылды. Екінші компонент 4,5 млн адамға немесе халықтың 45,2%-на егілді.
"Маңғыстау облысы тұрғындарының 33,1% ғана вакцинаның бірінші компонетін алды. Бұл ел бойынша төмен нәтиже", – деді Алексей Цой.
Қанат Махамбет