Ел чемпиондары өмір бойы ай сайын 300 мың теңгеден аса төлемақы алады

1430

Өмір бойы берілетін төлемақыны алу үшін спортшының спорт саласында кем дегенде 20 жылдық жұмыс өтілі болуы шарт.

Ел чемпиондары өмір бойы ай сайын 300 мың теңгеден аса төлемақы алады Фото: inform.kz

Мәдениет және спорт министрлігі әлем чемпионаттарында Қазақстанның қоржынына жүлде салған спортшылар мен бапкерлердің төлемақысы 4 есе өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрлік мәліметінше, Қазақстандағы олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындардың, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылары бұған дейін 24 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 512 теңге төлемақы алса, енді 100 АЕК 306 300 теңгеден алатын болды.

Бұл өзгеріс спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қатысты болып отыр. Яғни жеңімпаздар мен жүлдегерлерді тәрбиелеген тәлімгерлер өмір бойы алатын ай сайынғы материалдық көмекке құжат тапсыра алады.

"Бұл біз үшін шешімі жоқ мәселе болған. Мұндай қуанышты жаңалық жас спортшыларымызды да жігерлендіретіні сөзсіз. Әсіресе жаттықтырушылар үшін қуаныштымын. Олар үшін бұл үлкен қолдау болды", – деді Сидней Олимпиасының чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу