Ел экономикасы 4,9%-ға өсті

410

Нақты сектор 3,8%-ға, қызмет көрсету саласы 5,4%-ға ұлғайған.

Ел экономикасы 4,9%-ға өсті Фото: inbusiness.kz

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,9%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің сөзінше, ең жоғары өсім құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік салаларында тіркелді. 

"Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6%-ды құрады. Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%, денсаулық сақтауда – 40%, саудада – 38%, білім беруде – 18%, ауыл шаруашылығында – 8,7%, өнеркәсіпте 8,3%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4%-ға артып, 102 млрд долларды құрады", - деді ведомство басшысы.

Экспорт 57 млрд-тан астам долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 44 млрд-тан астам доллар болды, деп жалғастырды министр.

Жалпы оң сауда балансы 13 млрд долларға тең. 

"Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,2%-ға өсті. Көрсеткіштің өсуі 12 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсім Қызылорда, Қостанай, Абай облыстары және Алматы қаласында", - деді Әлібек Қуантыров. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу