Ел экономикасы 8 айда 4,3 пайыз өсім көрсетті

933

Ел экономикасы 8 айда 4,3 пайыз өсім көрсетті

Биылғы 8 айда Қазақстан экономикасының өсімі 4,3 пайызды құрады. Мұндай деректі бүгін Үкімет отырысында еліміздің Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов мәлім етті. Оның айтуынша, сыртқы сауда 30 пайызға жуық өсіп, инфляция бәсеңдеген. Осының аясында Moody's және S&P рейтингтік агенттіктері тәуелсіз несиелік рейтингтік болжамын теріс көрсеткіштен тұрақты көрсеткішке жақсартқан. Сондай-ақ экономиканың шикізат емес сегментіндегі оң өзгерістер байқалған. Мәселен, шикізат емес сектор салымы нығайған, ол 2,3 пайыздық тармақты құраса, ал шикізат сегментінің салымы 1,6 пайыздық тармақты құрады. Бұдан бөлек, өңірлік бөліністе өңірлердің көпшілігінде негізгі көрсеткіштер бойынша оң өсу серпіні байқалып отыр. Мәселен, ауыл шаруашылығында барлық өңірлерде 0,3%-дан 5,6%-ға дейін өскен.

Руслан Дәленов, ҚР ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары: "Теңгенің айырбас бағамының салыстырмалы түрде тұрақтауы аясында жыл басынан бері алтын-валюта қорының 11,6 пайызға, 32,9 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайғанын ескере отырып, тұтастай алғанда еліміздің халықаралық резервтері 90,9 млрд АҚШ долларына дейін жетті (жыл басынан өсу 0,1% құрады).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу