Ел экономикасы тау-кен және мұнай саласына тәуелді – Әшімбаев

232

Экономиканың өңдеуші секторын дамытуға тың шешімдер қажет.

Ел экономикасы тау-кен және мұнай саласына тәуелді – Әшімбаев Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ел экономикасы әлі де тау-кен және мұнай саласына, шикізат бағасына және төмен деңгейде өңделген тауарлар экспортына тәуелді болып отырғаны жасырын емес. Осыған байланысты Мемлекет басшысы алдағы ауқымды міндеттерді белгілеп берді. Соны ескеріп, экономиканың өңдеуші секторын дамытуға арналған тың және тиімді шешімдер қажет деп есептеймін", - деді ол Сенатта өткен парламенттік тыңдауда.

Әшімбаев сенаторлар бұл бағытта заңнамалық тұрғыдан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. 

Айта кету керек, осыған дейін өңдеуші секторда білікті мамандар жетіспейтінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу