Ел экономикасы жедел қарқынмен қалпына келе бастады – Әсет Ерғалиев

521

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

 Ел экономикасы жедел қарқынмен қалпына келе бастады – Әсет Ерғалиев

"Осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан экономикасы жедел қарқынмен қалпына келе бастады. Қазіргі таңда өсім 2,7% көрсетті. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектордағы динамикалық және тұрақты өсу, қызмет көрсету секторындағы динамиканың жеделдеуі, өндіруші емес секторлардағы инвестицияның жоғары өсімі, сауда балансының оң сальдосының сақталуы байқалады. Нақты сектор – экономиканың орнықты даму факторы болып отыр. Осы жылдың қаңтар-шілдесінде нақты сектордағы өсім 3,6%-ға дейін жеделдеді", - деді ол.

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, іскерлік белсенділік қызмет көрсету саласында 2,0%-ға дейін өскен. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау жоғары өсім көрсеткен. Сондай-ақ ауыл шаруашылығында  да жақсы өсім байқалуда.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу