Ел экономикасын Азия Даму банкі қаржыландырады

822

Мәжілісте тиісті құжатқа қол қойылды. 

Ел экономикасын Азия Даму банкі қаржыландырады

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды.

2014 жылғы 4 мамырдағы "Әріптестік туралы негіздемелік келісім" 2019 жылғы 27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында бекітілген. 

"Келісім мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу кезінде Азия Даму банкінің ережелері мен талаптарын сақтау бойынша нормаларды белгілейді. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу, экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары, негізгі еңбек стандарттары, төлемдер, ақпаратты ашу, гендерлік даму бойынша ережелер мен талаптарды қамтиды. Бұл шарттарда мемлекеттік кепілдікпен алынған қарыздарда қолдану  –жобалардың қаржыландыру тетіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді", – деді мәжілістің жалпы отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. 

Оның сөзінше, келісім бойынша макроэкономикалық орнықтылықты арттыруға, инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтерді жаңғыртуға, ауыл шаруашылығы секторын дамытуға, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға, инфрақұрылымға және денсаулық сақтау мен білім беру сияқты әлеуметтік секторларға құйылатын инвестиция көлемі ұлғаяды, 

"Азия Даму банкі жұмыс орындарын құру мен инновацияларды ынталандыру арқылы экономикалық дамуға үлес қосады. Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдардың алдын алады", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу