Ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілді

383

Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. 

Ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілді Фото: akorda.kz

Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді.

  • құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелерін баяндады. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылған;
  • активтерді қайтару мәселесі бойынша Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені жайында мәлімет берді;
  • ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілгенін айтты. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түскен;
  • еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқық саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларға қатысты уәкілетті органдардың шешімдері бойынша "прокурорлық сүзгіні" тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Осы орайда Президент аталған органдардың тартылатын инвестиция туралы деректерінің дұрыстығына бақылауды және жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен қолдану керек екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу