Ел экономикасына 200 млрд теңге қарыз тартамыз – Абай Сарқұлов

999

Биыл Қазақстанның даму банкі ел экономикасына 439 млрд теңгенің инвестициясын салады.

Ел экономикасына 200 млрд теңге қарыз тартамыз – Абай Сарқұлов

Қазақстанның даму банкі ел экономикасына 200 млрд теңге қарыз тартпақшы. Карантиндік шектеулер бәсеңдесе, ол қарызды сырттан алуға дайын отыр. Банктің басқарма төрағасы Абай Сарқұлов орталық коммуникацялар қызметінде осындай мәлімет айтты.

"Бәрі нарық конъюнктурасына байланысты. Бізде капиталды сыртқы нарықтан да, Қазақстанның өз ішінен де тарту тәжірибесі бар. Бұл іске дайынбыз. Биыл жоспар бойынша шамамен 439 млрд теңгені игеріп, экономикаға инвестиция ретінде салмақшымыз. Жалпы биыл 200 млрд теңгенің қағазын шығару арқылы қаржы тартамыз деп күтіп отырмыз. Оны не сыртқы нарыққа, не ішкі нарыққа орналастырамыз. Былтырғыдай Еуропа нарығында орналастыруға да дайынбыз. Бірақ пандемия оған мүмкіндік бермей тұр. Қазір ұшып бару, ұшып келу қиын. Пандемияның қалай өрбитінін күтеміз. Егер аяқ астынан нарықтар ашылып жатса, халықаралық нарыққа шығуға дайынбыз. Әзірге Қазақстанның өз ішінде орналастыруға оқталып отырмыз", - деді банк басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу