Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"300 мың АҚШ долларынан кем емес инвестиция салуды көздеген шетел кәсіпкерлері үшін "инвесторлық визаны" ұсынылады. Бұған қоса шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану үшін "Атамекен" картасы енгізіледі, ол жоғары деңгейдегі кәсіпқой немесе өздері тұратын елдерде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда іске асыруды қалайтын этникалық қазақтарға берілетін болады. Ол азаматтар мерзімі 10 жылға дейін созылатын жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда тұрып өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік алады", - деп хабарлады министр.
Қандастарды қабылдау тетігі де қайта қаралатынын министр атап өтті. Қандастарды қоныстандыру саясатын елдің демографиялық және экономикалық үрдістерін ескере отырып, оларды құжаттарды қабылдаудың бастапқы кезеңінде қоныстандыру өңірлеріне көшіп-қонуды қосымша ынталандыра отырып түбегейлі реформалау ұсынылды.
Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау үшін азаматтарымыз ең көп жұмыс істейтін елдерде қазақстандық еңбек мигранттарының құқықтарына кепілдік беретін мемлекетаралық келісімдер пакетін қабылдау қарастырылды.