Ел экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ға дейін жеделдеді

709

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Ел экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ға дейін жеделдеді

"Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,6%-ға дейін жеделдеді. Нақты сектерда тұрақты серпін, қызмет көрсету саласындағы өсуідің жеделдеуі, экспорт көлемінің жоғары өсуі байқалуда. Нақты сектордағы өсім 4,8%-ды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін артты", – деп атап өтті министр. 

Бұл ретте ведомство басшысы салалардың өсу қарқынына тоқталды. Оның айтуынша, сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу, тау-кен өндіру өнеркәсіптері, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы секторында оң өсім тіркелген.

"Инвестициялар білім беруде – 71,7, мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 55,1, ғылым мен техникалық қызметте – 35,9, денсаулық сақтауда – 27,8, жылжымайтын мүлік операцияларында – 20,4, саудада – 13,9, құрылыс саласында 10,7% өсті. Өңірлер бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысында тіркелді", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу