Ел экономикасының өсу қарқыны 4,7 пайызды құрады

403

Биылғы қантар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,7% болды. 

Ел экономикасының өсу қарқыны 4,7 пайызды құрады Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының сөзінше, нақты сектор – 3,7%-ға, ал қызмет көрсету саласы 5,1%-ға артты.

Секторлар арасында ең жоғары өсім құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс салаларында тіркелген.

"Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,1%-ды құрады. Инвестиция ағыны көлік және қоймалауда – 59,4%, саудада – 37,5%, білім беруде – 23,7%, ауыл шаруашылығында – 12,9%, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,2%, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 4,3%-ға өсті. Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Түркістан, Павлодар және Абай облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда тауар айналымы 4,2%-ке өсіп, 91,1 млрд долларды құрады", - деді ол.

Министрдің айтуынша, экспорт 51,2 млрд долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 16,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 39,8 млрд доллар болды.

"Оң сауда балансы 11,4 млрд долларға тең", - деп қорытындылады Әлібек Қуантыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу