"Бүгінгі таңда ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолына шығып отыр. Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құрады", деді Ә.Смайылов.
Елімізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, $134 млрд болды.
Оның айтуынша, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға артып, 1,8 млн-нан асты.
Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға өсіп, 3,9 млн адамға жетті.
Нәтижесінде экономикадағы ШОБ үлесі қазірдің өзінде 36%-ды құрады (бір жыл бұрын 33,5%).
Үкімет басшысы биыл қабылданған шаралар экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Мәселен, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,9%-ды құрады.
Барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасып отыр:
құрылыста – 16%
саудада – 12%
көлік саласында – 8%
өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді.
"Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі үш айда 16%-ға, ал мемлекеттік бюджет кірісі 24%-ға артты.
Бұл өз кезегінде, ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде әлеуметтік төлемдерге, денсаулық сақтау мен білім беру салаларын, нақты сектор мен инфрақұрылымды дамытуға қосымша 2,2 трлн теңге бөлуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Қазақстанның халықаралық резервтері $94 млрд құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері $3 млрд-қа өсіп, $58 млрд-қа жетті", деп атап өтті Премьер-министр.
Сондай-ақ, Премьер-Министр халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor's агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.