Ел естімеген сұмдық: Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71-дегі туысынан бала тапты

Ауыл тұрғындары күдіктінің отбасын елден көшіруге әрекет етіп жатыр. 

Ел естімеген сұмдық: Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71-дегі туысынан бала тапты Фото: видеодан алынған кадр

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиға Түркістан облысы Келес ауданында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жантүршігерлік ақпарат әуелі әлеуметтік желіде тарады. Онда қыздың туыстары ішіндегі баланы 7 айлық кезінде ғана байқағаны айтылған. Ақпан айында 15 жастағы қыз босанған, ал күдікті ретінде 71 жастағы көршісі ұсталған. Оның жақын туысы екені туралы да деректер бар.

Ата-анасының айтуынша, қыз өз басынан өткен ауыр жағдайды ешкімге айта алмаған.

Түркістан облысы Полиция департаменті күдіктінің қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілгенін хабарлайды.

– Келес ауданында тұратын әйел кәмелетке толмаған қызына қатысты заңсыз әрекеттер жөнінде арызданған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу қорытындысына сәйкес тиісті шешім қабылданады, – делінген полиция департаментінің хабарламасында. 

Қылмыстық істің тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге де ақпаратты жариялауға тыйым салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу