Ел халқын ревакцинациялау мәселесі әлі қаралып жатыр

1704

Мамандардан құрылған жұмыс тобы құрылды, жуырда шешім шығарылмақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ел халқын ревакцинациялау мәселесі әлі қаралып жатыр

"Ревакцинация қазір әлем елдерінің алдында тұрған мәселенің бірі. Бүгінде елімізде санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары, ғалымдар мен дәрігерлерден құрылған жұмыс тобы құрылды. Өз кезегімізде жетекші халықаралық агенттіктер мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат сұраттық. Халықаралық тәжірибе де біздің назардан тыс қалмайды. Сонымен қатар ревакцинацияға қатысты нақты талаптар жоқ, өйткені COVID-19 ревакцинациясы бұл жаңа дүние. Барлық деректерді жинақтап, иммундау жөніндегі комиссия қорытындысынан кейін халыққа ревакцинация туралы нақты ақпарат таратамыз", - деді Алексей Цой. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу