Ел халқының құнарлы тамақтану деңгейі анықталды

1327

Ел халқының құнарлы тамақтану деңгейі анықталды

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті "Қазақстан халқы тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы туралы" есеп әзірледі, деп хабарлайды abctv.kz.

Егер әр жылдағы динамикаға келсек, қазақстандықтар тұтынған азық-түліктің энергетикалық құндылығы 2015 жылы – 3164 ккалды (соның ішінде қалалықтарда 3112, ал ауылдықтарда 3233 ккал), 2016 жылы  2975 ккалды (қалалықтарда 2935, ауылдықтарда 3028) құраған. Өткен жылы қалалықтар тамағының нәрлілігі 3162 ккалға, ал ауылдықтарда 3233 ккалға дейін көтерілген.

"Энергетикалық құндылығының ең жоғары деңгейіндегі тамақ өнімдерін Шығыс Қазақстан облысының, ал ең төменгі деңгейіндегісін – Астана қаласы тұрғындары тұтынатыны байқалады", – делінген статкомитет дерегінде.

Астанада халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы 2864 ккалды, ал ШҚО-да 3638 ккалды құрады. Көшбасшылар қатарындағы екінші орынға 3419 ккал көрсеткішімен Павлодар облысы шықты. Ал "үштікті" жаңадан құрылған Түркістан облысы (3374) тұйықтайды.

Басқа өңірлердегі жағдай мынадай: Алматы қаласында 3326 ккал, Атырау облысында 3259, Қарағанды облысында 3242, Қызылорда облысында 3183, Маңғыстау облысында 3072, Алматы облысында 3046, Ақмола облысында 3036, Жамбыл облысында 3015, Қостанай облысында 2976, БҚО-да 2960, Ақтөбе облысында 2928, СҚО-да 3063 ккал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу