Үкімет басшысы Олжас Бектенов Көлік министрі Марат Қарабаевқа вокзалдардағы жөндеу жұмыстарын биыл аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Вокзал кешенін жаңғыртуға жеке тоқталғым келеді. Қазіргі уақытқа дейін 5 вокзал реконструкциялау жұмыстарынан өткен. Осы жылы туристік бағыттарды қоса алғанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары басталады. Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан қамтамасыз етілуі қажет", - деді Көлік министрі Марат Қарабаев.
Премьер-министр осыған дейін вокзалдар бойынша тапсырма бергенін еске салды.
"Ол өте маңызды. Еліміздің имиджіне, беделіне өте әсер ететін мәселе. Сондықтан оны биыл аяқтау қажет. Тиісті қаржыландыру болады", - деді Олжас Бектенов.
Марат Қарабаев "түсінікті, рақмет" деп жауап берді.