Ел имиджіне жұмсалатын қаржы 21,3 млрд теңгеге қысқартылды

860

Досым Сатпаев Atameken Business арнасына сұхбат берді.

Ел имиджіне жұмсалатын қаржы 21,3 млрд теңгеге қысқартылды

"Ел имиджі үшін жұмсалатын қаржыны қысқарту, бұл биліктің қарапайым халық  пікірін ескеруінің белгісі". Досым Сатпаев осылай деп Atameken Business арнасына сұхбат берді.

Белгіліcі, саясаттанушы халықтың осы күнге дейін мемлекет тарапынан ірі жобалардың қыруар ақшамен қаржыландыруына күдікпен қарағанын айтты. Өйткені сол ірі жиындар мемлекеттің әлемдік аренада аты аталуына үлкен үлес қоспады дейді.

Ірі форумдар, саммиттер, байрақты бәсекелерге кеткен миллиондар осы уақытқа дейін халықтың тек ызасын туғызып келген. Бірақ билік қазіргі таңда халықтың пікірімен санасатын болды дейді ол.  Естеріңізге сала кетейік, 2020-2022 жылдарға бекітілген бюджетте ірі жиындарға жұмсалатын қаржы 21,3 млрд теңгеге қысқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу