Ел ішінде алауыздық тудыру үшін жалған мәлімет таратқандар жазаланады

Киберқауіпсіздікті күшейту шаралары цифрландыру жүйесіне тосқауыл болмауы керек.

Ел ішінде алауыздық тудыру үшін жалған мәлімет таратқандар жазаланады Фото: canva.com

Қазақстанда бір жылда кемі 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелетіні жайлы дерек бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке құқық қорғау органдарымен және қаржы саласын реттеушілермен бірге азаматтардың жеке деректерін қорғауды қамтамасыз етуді тапсырып отыр. Сондай-ақ, арандатушылық ақпарат таратқандар да белгілі бір деңгейде жауапкершілікті арқалауы тиіс. 

− Цифрландыру дамыған сайын алаяқтық көбейіп барады. Қоғамдық пікірге теріс ықпал ету, биліктің беделін түсіру және ел ішінде алауыздық тудыру үшін жалған мәлімет таратып, ақпараттық шабуыл жасау белең алуда. Мұндай әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне және елдегі тұрақтылыққа үлкен қатер төндіреді. Сондықтан интернет-платформаларда арандатушылық сипатта ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартуды заңмен бекіту мәселесін ойластыру керек, – деді Президент.

Үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы киберқауіпсіздікті күшейтеміз деп, цифрландыру жүйесіне тосқауыл қоймауды ескеру керегін айтқан. 

− Қоғамда мемлекеттің азаматтарды кибералаяқтардан қорғау үшін қабылдап жатқан шаралары нәтижесіз деген қасаң пікір қалыптасып келеді. Статистика да көңіл көншітпейді. Жыл сайын 20 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркеледі. Қылмыстың 80 пайызға жуығы әшкереленбейді. Сондықтан Үкімет құқық қорғау органдарымен және қаржы саласын реттеушілермен бірге азаматтардың жеке деректерін қорғауды мейлінше қамтамасыз етуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу