Ел ішінде қызылша ауруы өршіп барады

897

Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға алаңдаулы.  

Ел ішінде қызылша ауруы өршіп барады Фото: atyrau-densaulyk.kz

Жыл басынан бері қызылша жұқтырды деген күдікпен 11 облыста 56 науқас тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Оның жиырмасы расталыпты. Қазір 7 өңірде осы дертпен ауырғандар бар. Қалғаны әлі тексеріліп жатыр.

"Алматы қаласында - 7 жағдай, Жетісу облысында - 5 жағдай, Қарағанды облысында - 3 жағдай және Астана, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында бір-бір жағдай тіркелді қазіргі кезде. Ол - өте жұқпалы ауру. Екпеден өтпеген адамдар қызылшамен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болса, жүз пайыз қызылшамен ауырады", - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу