Ел қаржысы қайда кетіп жатыр?

837

Шетелдік жұмыс күші арзан болғандықтан, ішкі еңбек нарығында мигранттар қазақстандық жұмысшыларды ысырып тастауы ғажап емес, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ел қаржысы қайда кетіп жатыр?

Бүгінде елімізде 16 мыңнан астам экспат тіркелген. Олар үшін тоғыз айдың ішінде жұмыс берушілер 5 миллард теңгеден астам салық төлепті. Әлбетте, осылайша үкімет бюджет жыртығын жамауға тырысатыны анық. Ішкі еңбек нарығындағы мигранттардың рөлі жайлы Нұрқанат Омарұлы жалғастырсын.

Биыл елімізде  халықаралық ақша аударымы өткен 2020 жылға қарағанда 3 пайызға артқан. Өкініштісі шетелге кеткен ақша елге келгеннен 4 есе көп.   Тарқатып айтсақ, қыркүйекте 97 млрд теңге өзге елге жіберілсе, ел қазынасына түскен сомма - 25 млрд теңге. Ең көп  аударым көшін Өзбекстан бастап тұр.  Көрші мемлекетке 34 млрд, Түркияға 20 млрд, Ресейге 14 млрд жіберілген. Ал өз қалтамызды   Ресей, АҚШ, Кореядан жіберілген қаржы толтырған. Дегенмен бұл қатардың да көшін  өзбек ағайындар бастап тұр. Кейінгі жылдармен салыстырсақ, сомма көлемі өскенін ғана байқаймыз. 2020 жылы 93 млрд, 2019 жылы 65 млрд шетелге аударылған. Қайда кетті, қайдан келді дегенде, өзгерістер аса байқала қоймайды. Айта кетейік, арадағы ауыс-түйісте доллар валютасының үлесі басым болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу