Ел кәсіпорындары 7 мың жұмыскерге 1, 6 млрд теңгеден астам сома қарыз

738

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. 

Ел кәсіпорындары 7 мың жұмыскерге 1, 6 млрд теңгеден астам сома қарыз

2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 333 кәсіпорнында 7 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 689 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 204 нұсқама беріліп, 40 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 430,7 млн теңге төленді”, – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу