Ел қазынасына 17,3 трлн теңге қаражат түскен

182

Жоспар 102%-ға орындалды.  

Ел қазынасына 17,3 трлн теңге қаражат түскен Фото: canva

Қаржы министрі Мәди Такиев тоғыз айда мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгеге жеткенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік бюджеттің кірістер көлемі 17,3 трлн теңгені құрап, жоспар 102% орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда, өсу қарқыны 116% жетіп, 2,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің түсім көлемі 10,5 трлн теңгені құрап, жоспар 97,3% орындалды. Өсім қарқыны өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,4 трлн теңгеге немесе 116% жетті", – деді Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Ведомство басшысы жоспардың орындалмауына әсер еткен негізгі факторларды атады. Біріншісі – әлемдік мұнай бағасының құбылмалылығы. Екіншісі – бизнестің логистикалық шығыстарына әсер ететін, тұрақсыз геосаяси жағдайдың жалғасуы. 

"Бұл өз кезегінде экспорт көлемінің 5,1% төмендеуінде және салдарынан, бизнестен түсетін салық түсімдерінің азаюына әкелді. Жергілікті бюджет кірістері көлемі, сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар есебінен 6,8 трлн теңгені құрады. Жоспар 704 млрд теңгеге артығымен орындалды. Салық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде, 653 млрд теңгеге қосымша резервтер қамтамасыз етілді", – деді министр.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан экономикасы 6,3%-ға өскенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу