Құрлықтық додада 71 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов финалда иорданиялық Зеяд Ишайшты жеңді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Осылайша, ол Азия чемпионы атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) Азия чемпионы атанса, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) күміс медальді қанағат тұтты.
Енді ел құрамасынан төрт бес боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу