Ел мектептерінің 87%-ында дабыл түймелері бар

212

Тағы 62 пайызында турникеттер орнатылған. 

Ел мектептерінің 87%-ында дабыл түймелері бар Фото: freepik

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дабыл түймесінің, бейнебақылау жүйесінің, турникеттердің және лицензияланған күзеттің міндетті болуы жөніндегі талаптар күшейтілді. Алғаш рет білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен барынша жарақтандыру қамтамасыз етілді. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың 2024-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспарлары бекітілді", - деді Ғани Бейсембаев.

Сөзінше, лицензияланған күзет агенттіктерімен жасалған шарттар мәселесі бойынша мемлекеттік мектептердің 72%-ы жұмыс жүргізді. 

"Мектептердің 87%-ы дабыл түймелерімен жабдықталған. Турникеттерді орнату мектептердің 62%-ында жүргізілді. Мектептердің 70%-ы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу