Ел мектептерінің 90 пайызында интернет жылдамдығы талапқа сай келмейді - Мусин

585

Еліміздегі 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептің 7078-і Интернет желісіне қосылған. Оның ішінде 5 122-сі ауылдық, ал 1956-сы қалалық мектептер.  

Ел мектептерінің 90 пайызында интернет жылдамдығы талапқа сай келмейді - Мусин Фото: express-k.kz

Қазақстан мектептерінің 90 пайызында интернет жылдамдығы талап сай емес. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет отырысында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, 15 ауылдық және 5 қалалық мектеп Интернетке қосылмаған. 

"Халықаралық электрбайланыс одағының талабына сәйкес, оқушы саны 400-ден асатын мектептерге интернет жылдамдығы 20 оқушыға секундына кем дегенде 1 Мб болуы тиіс. Еліміздегі мектептердің 90 пайызы, яғни 6 мыңнан астам мектеп бұл талапқа сай келмейді", - дед ол.

Бағдат Мусин республикадағы 664 мектепте ғана интернет жылдамдығы айтылған талаптарға сәйкес келетінін атап өтті.  
 
"2810 мектеп бұл талапқа сай келмесе де, олар орналасқан елді-мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілері бар. Сондықтан, әкімдіктер аталған мектептерде Интернет жылдамдығын арттыру үшін қаражат бөліп, тиісті жұмыстарды жүргізуі қажет. Сонымен қатар 266 мектеп орналасқан елді-мекенде талшықты-оптикалық желіні салу қажет. Ал, 2784 мектепте талшықты оптикалық немесе радио-релейлік байланыс желілері болмағандықтан, интернет жылдамдығын арттыру мүмкіндігі мүлдем жоқ", - деді ол.

Министрдің айтуынша, спутниктік технологияларды пайдалана отырып, шалғай орналасқан ауылдық жерлердегі 574 мектепте байланыс желілері ұйымдастырылмақ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу