Ел мүддесі үшін адал еңбек етейік – Ерлан Қошанов

2036

Оның пікірінше, елде жүргізілетін реформаларды сапалы заңмен қамтамасыз ету керек.

Ел мүддесі үшін адал еңбек етейік – Ерлан Қошанов

Мәжілістің жаңа сайланған төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан тарихы үшін ең жауапты кезең басталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол өз кандидатурасын қолдап, сенім көрсеткен депутаттарға ризашылығын білдірді. 

"Өмір жолымның бірқатар уақыты осы Парламент қабырғасында өтті. Сіздердің сенімдеріңіздің арқасында, осы абыройлы жұмысты бірге жалғастырамыз деп ойлаймын. Парламент Мәжілісіне жетекшілік ету бұл, әрине, ерекше мәртебе. Бұл Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысының алдындағы зор үлкен жауапкершілік. Бәрімізге белгілі, ел тарихының даму кезеңінің ең жауапты кезінде тұрмыз. Осы уақытта Президентіміз жан-жақты және түбегейлі реформалар ұсынатынын атап өтті. Бұл реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету барлығымыздың, әсіресе, Мәжіліс депутаттарының ортақ міндеті. Ел мүддесі үшін адал еңбек етейік. Мәжілістің жұмысын жаңа деңгейге көтерейік", – деді Ерлан Қошанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу