Эль-Ниньо феномені - ғаламдық құрғақшылық пен өртке себеп

525

Биыл және 2024 жылдың жазы рекордты ыстық болады.

Эль-Ниньо феномені - ғаламдық құрғақшылық пен өртке себеп Фото: Ашық дереккөзден

 

Алдағы үш жылда әлемде аптап ыстықтың ең жоғарғы көрсеткіші тіркеледі. Тіпті, көрсеткіштер Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бұл туралы америкалық климатолог ғалымдар мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл өзгерістер жаһандағы табиғи апаттарға әкелуі мүмкін. Өрт ошақтары көбейіп, су тасқыны артады.

2016 жыл адамзат тарихында "әлемдегі ең ыстық кезең" ретінде тіркелса, оған тікелей әсер еткен Эль-Ниньо құбылысы еді.

"Эль-Ниньо әсерімен 2024 жыл рекордтар кітабына енуі мүмкін. Климаттың антропогендік өзгеруінен туындаған жылынудан басқа жаһандық температураға қосымша серпін беретін Эль Ниньо әсері орасан. Ал бұл өз кезегінде құрғақшылық пен өртке ұласады.  Бұл құбылыс Тынық мұхитының шығысындағы судың жылынуымен байланысты. Биыл жыл соңында бүкіл әлемде тропикалық циклондар тіркеледі", - деді климатолог Том Ди Либерто.

Биыл Австралияда ауа райы ысып тұр. Салдарынан дала өртінің қаупі жоғары. Ал Орталық және Оңтүстік Американың кейбір бөліктерінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Африка болса керісінше бес жылдық құрғақшылықтан кейін судан таршылық көрмейді. Ғалымдар климаттың өзгеруі Эль-Ниньо әсерін екі есе күшейтетінін жеткізді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу