Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

1665

Элизабет Тұрсынбаева Жапониядағы әлемдік сында күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ, әйелдер арасында төрттік сальховты тұңғыш орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Элизабет Тұрсынбаеваны жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында күміс медальге ие болған Элизабет Тұрсынбаеваны құттықтады.

"Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды! Тарихта алғаш рет төрттік секіруді орындады! Жарайсың! Құттықтаймын!",– деп жазды президент өзінің Twitter-дегі микроблогында.

Ал ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: "Біздің Элизабет Тұрсынбаева ӘЧ екінші орынды жеңіп алды! Қуанышта шек жоқ!  ӘЧ Элизабет әлемде тұңғыш рет төрт айналымға секіру элементін орындады. Осы жеңіспен Элизабетті, оның ата-анасын, бапкері Этери Тутберидзені шын жүректен құттықтаймын! Барша қазақстандықтарды біздің мәнерлеп сырғанаушымыздың сенсациялық жеңісімен құттықтаймын!", – деп сүйінші сұрады.
Айта кетсек, Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласындағы әлемдік сында жалпы есебі 224.80 ұпай жинап, тұғыр биігіне көтерілді. 

Сондай-ақ, әйелдер арасында төрттік сальховты тұңғыш орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу