Ел шығысында 23 мыңнан астам адам қант диабетіне шалдыққан

294

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні.

Ел шығысында 23 мыңнан астам адам қант диабетіне шалдыққан Фото: pexels.com

Халықаралық диабет федерациясы бүкіл әлемде қант диабетімен ауыратындар саны артып келе жатқанын айтып дабыл қаққан. Әлем бойынша аталған ауруға шалдыққандар саны 530 миллионнан асыпты. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қант диабеті жиі кездеседі, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Altaynews порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасыны штаттан тыс бас эндикринологы Бибинұр Сайфуллина айтты.

- ШҚО-да қант диабетіне шалдыққа 23 473 науқас тіркелген. Оның 90%-дан астамы, яғни 22 191 адам 2-типті қант диабетімен ауырады, - деді ол.

Ал, жалпы еліміз бойынша осы диагнозбен 400 мыңнан астам пациент тіркелген.

- Адамдар қазір жұмысына байланысты аз қозғалады, көбіне көлікпен жүреді. Аз қозғалу салдарынан және дұрыс тамақтанбау салдарынан қант диабеті пайда болады. Әсіресе, қазіргі күні балалар мен жасөпірімдерде зиянды тағамдар, фастфуд көп тұтынады. Соның әсерінен балалар арасында да екінші типтегі қант диабеті артып келеді. Бұрынғы статистикаға сүйенсек, екінші типтегі диабетпен 40 жастан асқан азаматтар ауырса, қазір 25-тен асқандар тіркеледі, - дейді ШҚО ДСБ Облыстық диагностикалық орталығының эндокринолог дәрігері Әлия Жақанбаева.

Қант диабетінің бірінші типі (инсулинге тәуелді) инсулин бөлетін ұйқы безі қызметінің проблемаларымен байланысты.

Қант диабетінің екінші типі (инсулинге тәуелсіз) ұзақ уақытқа дейін еш белгісіз өтеді. Бұл кезде инсулин ағзада жеткілікті, бірақ ол қажет түрде жұмыс істемейді.

- Қант диабетін алды алудың бірден бір жолы – скринингтен өту. Қазіргі күні скрининг тексерулер арқылы кез клеген ауруды ерте сатысында анықтап, емдеу әдістерін жеңілдетуге болады. Алайда, тұрғындар өз денсаулығына жауапсыздық танытып, скринингтен өтуге немқұрайлы қарайды. Кейбірінде диагноз қойылуы мүмкін деген қорқыныш болады. Тұрғындарды тексеруден уақытылы өтіп, денсаулығыңызға көңіл бөліміз деп айтқым келеді, - дейді Бибинұр Сайфуллина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу