Ел шығысындағы жол құрылысы тым созылып кетті

355

Шығыста салынып жатқан "Омбы-Майқапшағай" тас жолындағы жұмыс тым созылып кетті.

Ел шығысындағы жол құрылысы тым созылып кетті Фото: Inbusiness.kz

Жеті жыл бұрын басталған жол құрылысы 2022-ші жылы маусым-шілде айларында толық аяқталуы тиіс еді. Бірақ  уақыт өте жол жөндеушілердің қимылы баяулай берді. Ал қазір тіпті тоқтап қалды десе де болады. 7 жылда осы тас жолдың бойында талай шу болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жалақысын ала алмаған жұмысшылар мен жол азабын тартқан жолаушылар қиналғандарын айтып, арнамызға бұған дейін де хабарласқан-ды. Қытай мен Ресейді жалғап, еліміздің күретамырына айналатын күре жолдың ертеңі не болмақ?! Әріптесім Жанболат Санияз толықтырсын! +СЮЖ

Жол мақсаты  жету. Ендеше, шығыстағылардан осы жолдың жайын сұрап көріңізші. Бәрі де көп жолдың тозғанын, ал жөнделіп жатқан жолға көңілдері толмайтынын айтады. Әсіресе, халықаралық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тас жолының Қалбатаудан Майқапшағайға дейінгі бөлігі сөзге ілінеді.  Құрылысы 2017 жылы басталып, алғашқы кезде қарқын алған жолдағы жұмыс қазір мүлде тоқтап қалғандай.

"Жолдар жаман өте. Қазір мына көлікпен Зайсанға 2-3 рет барып-келсең болды, көліктің шаруасы бітеді. Қазір бір жерге барып келу үшін де, бір шұғыл жағдаймен шығып кету үшін де жол өте кедергі. Жол дұрыс емес. Бұл жол істеліп жатқанына қаншама жылдар болды. Әлі бітпей жатыр", - дейді көлік жүргізушісі Манатбек Нәсіпхан.

Жолаушыларды айналма жол қажытып бітті. Жүргіншілер, бәрі бірдей тегіс емес  дейді. Кедір-бұдыр, ойлы-шұңқыр жол онсыз да көптің несиеге алған автокөліктерін тоздырып, қосымша шығынға батырып барады.

"Тезірек бітсе жақсы болушы еді. Машинаға зиян. Жан-жақтан шұңқыр бар. Айналып өтетін жер көп. Машинге зиян болады. Барлық жағынан зиян болады. Қозғалтқыш, хадовкаға да", - дейді көлік жүргізушісі Ринат Мұқатаев.

Жалпы Қалбатау-Майқапшағай жолының ұзындығы 415 шақырым. Оның 218 шақырымы төселген. Қалған 192 шақырым жол 2025 жылдың соңында жөнделіп бітеді деген жоспар бар. 2017 жылы осы жобаға 156 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады деп есептелген еді. Қазірге дейін ол қаражаттың 49 миллиард теңгесі игерілген.

"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясының қызметкерлері бұл жолды қытайлық компания толық аяқтайды деп сендірді. Қазір олар сол үшін қажетті құрылыс техникалар мен жол мамандарын әкеліп жатқан көрінеді. Ал ендігі жасалтын жұмысқа қажетті қаражат құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты қайта есептеліп жатыр.

"Жобаның құны бүгінгі таңда жаңағы құрылыс материалдарының өсуіне байланысты қымбаттауда. Ол бойынша қазір біз 2, 3 учаске бойынша түзетулер өткізудеміз. Жақын арада мемлекеттік сараптамадан шығады", - дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Сыртқы қарыздар департаменті директорының орынбасары Асылбек Шәлібеков.

Бізде жол салатын мамандар да жетіспейді. Шығыста 2020 жылы төрт жүзге жуық жұмысшының орны бос тұрғаны мәлім болған. Ал бар жұмысшылар айлап айлық ала алмай қиналып, бізге хабарласқан да еді. Сол жылдары тіпті ауыр техникаларға Қажетті құятын жанармайдың жоқтығынан жұмысқа шыға алмай отырмыз  деген, жүргізушілерді де кездестірген едік.

Ал, мынау Семей-Қалбатау-Аягөз-Талдықорған-Алматы бағытындағы тас жол. Алматыны бетке алып, Шығыс Қазақстан облысынан шыққан жолаушылар да осы жолмен жүреді. Бұл жақта да жағдай солай. Абай облысының аумағындағы Аягөз қаласынан Алматы облысының шекарасына дейінгі жолдың біраз бөлігі әлі бітпеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу