Ел тұрғындары аумақтарды жинау, көшелерді абаттандыру жөнінде жиі өтініш айтқан

88

Ең көп өтініш Алматы, Астана қалаларынан және Түркістан облысынан келіп түскен.

Ел тұрғындары аумақтарды жинау, көшелерді абаттандыру жөнінде жиі өтініш айтқан Фото: kolomnagrad.ru

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында @TazaQazBot Телеграм ботына келетін өтініштерге тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр 2024 жылы маусым айында @TazaQazBot өтініштерді қабылдау сервисі іске қосылғанын еске салды.

"Чат-бот ел тұрғындары арасына кеңінен таралған. 2025 жылғы 16 қаңтардағы жағдайды алсақ, барлығы 10 700-ге жуық өтініш түсіп, оның 9 700-ден астамы орындалды. Өтініштердің көбі "Аумақтарды тазалау" (29%), "Көшелерді абаттандыру", "Тұрмыстық қалдықтарды шығару" және "Жолдарды жөндеу" (10%) санаттары бойынша түскен. Өңірлер бөлінісінде ең көп өтініш Алматы (29%), Астана (12%) қалаларынан және Түркістан облысынан (9%) түсті", – деді Ерлан Нысанбаев.

Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін және жауапты орындаушыларды бекіту мақсатында Телеграм ботта 17 санат айқындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу