Ел тұрғындары депозиттерін қандай банктерге сеніп тапсырады?

531

Елдегі 14 екінші деңгейлі банк жылдық динамикада оң нәтиже көрсетіп отыр.  

Ел тұрғындары депозиттерін қандай банктерге сеніп тапсырады? Фото: jjtv.kz

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елдегі жеке тұлғалардың салымдары 15,7 трлн теңгені құрады. Бұл бір ай бұрынғыға қарағанда 566 млрд теңгеге, жылдық динамикада 2,8 трлн теңгеге артық, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Халық салымдарының жылдық өсімі бойынша Kaspi.kz көш бастады. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктегі депозиттердің бөлшек портфелі 3,4 трлн теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 895,2 млрд теңгеге көп. Қаржы институты бір ай ішінде халықтың депозиттер портфелін 108,4 млрд теңгеге арттырды. Kaspi.kz-тің бөлшек салымдар нарығындағы үлесі 21,6%-ды құрайды.

Клиенттердің депозиттерінің жылдық өсімі бойынша Halyk Bank екінші орынға орналасты (5 трлн теңге, +806 млрд теңге).

Үштіктер қатарында "Банк ЦентрКредит" бар: (1,5 трлн теңге, +784,4 млрд теңге).

Аталған үштіктен басқа ел азаматтарының салымдары көлемінің өсуін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істейтін "Отбасы банк" қана көрсетіп отыр. Бұл қазақстандықтардың банктерге қаражат сақтағанда барынша мұқият қарайтынын көрсетіп отыр.

Елдегі 21 екінші деңгейлі банктер арасында 14-і бір жылда оң нәтиже көрсетсе, жетеуінде көрсеткіштің төмендеуі байқалды. Bereke Bank-те қаржы институттары арасында портфель көлемінің айтарлықтай құлдырауы тіркелді: -794,9 млрд теңге, 180,4 млрд теңгеге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу