Ел тұрғындары ең көп тұтынатын азық-түліктің бағасы қымбаттады

Бұл туралы Қазақстанның бас аграрлық сайты жазды. 

Ел тұрғындары ең көп тұтынатын азық-түліктің бағасы қымбаттады Фото: egemen.kz

Басылымның дерегінше, қарашаның алғашқы екі аптасында өсім – 2,2%, соңғы аптада 0,2%-ды құраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізінен, ел бойынша картоптың бір келісі – 188 теңге. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың сөзінше, соңғы бір айда баға 4,5%-ға өскен. 

– Екі айда картоптың экспорты 300 мың тоннаны, ал жақын арада экспорттық келісімшарттардың жалпы көлемі 200 мың тоннаны құрады. Осылайша, біз елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін қауіпсіз болып табылатын 500 мың тонна жоспарланған шегіне жақындап келеміз, – деді ол. 

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне картоп қорын қамтамасыз ету мәселесін Сыртқы саясат және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығаруды тапсырған. 

– Коммуналдық тарифтер тұрақтандырылды. Қазіргі кезде инфляцияға әсер ететін және мемлекеттік шаралармен тұрақтандырылуы мүмкін жалғыз фактор – азық-түлік тауарлары. Бұл тек әлеуметтік маңызды тауарлар туралы ғана емес, сонымен қатар азық-түлік себетіне кіретін және бүгінде мемлекеттік реттеуге жатпайтын азық-түлік өнімдерінің бүкіл желісіне қатысты. Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік себетіне талдау жүргізіп, оларға бағаны тұрақтандыру жөнінде шаралар әзірлеуі қажет, – деп нақтылады Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ ол тауарлардың толық қадағалануын қамтамасыз етуге, артық делдалдарды алып тастауға, құжаттарды бақылау мен тексеруді күшейтуге мән берген. Бұл өз кезегінде нарықтың ашықтығын арттырады, шығындарды азайтады. 

Жалпы, қараша айының алғашқы екі аптасында Қазақстанда әлеуметтік азық-түлік бағасының өсуі 0,1%-ды құрады. Бағаның төмендеуі сәбізге (-1,7%), қырыққабатқа (-1,8%) және пиязға (-0,4%) қатысты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу