Ел тұрғындарына өте маңызды үндеу жасалды

Балалардың терезеден құлау фактісі тоқтамай тұр. 

Ел тұрғындарына өте маңызды үндеу жасалды Фото: Dom.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың қауіпсіздігіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтеншеліктердің дерегінше, биыл 5 бала терезеден құлап қайтыс болған.

– Жылы мезгілдің басталуымен, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Жыл басынан бастап ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығына балалардың терезеден құлауына байланысты 60 жазатайым оқиға (19.05.2025 жылғы жағдай бойынша) туралы ақпарат келіп түсті. Бес бала оқиға орнында қайтыс болды, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген. Ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балалар көп. Көбіне қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болады, себебі бұл торлар артық салмаққа шыдамайды.

Қазіргі уақытта, ведомство басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Құтқарушылар, ата-аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Москит торларына сенбеңіз, олар баланы ұстап қалмайды;
  • Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторларды орнатыңыз;
  • Бала терезе алдына шыға алмас үшін, терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу