Ел тұрғындарының табысы 20,2%-ға артқанымен, оның негізгі бөлігін инфляция жеп қойды - сарапшылар

395

2022 жылы қазақстандықтардың орташа айлық табысы 157 мың теңгеге жетті.  

Ел тұрғындарының табысы 20,2%-ға артқанымен, оның негізгі бөлігін инфляция жеп қойды - сарапшылар Фото: Inbusiness.kz

Бұл өткен жылға қарағанда 20,2%-ға немесе 26,4 мың теңгеге көп. Қазіргі қарқын 2008 жылдан бері есептегенде ең жоғары көрсеткіш, деп жазады inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасына сілтеме жасап.

DataHub жазуынша, бұл рекордтық өсіммен қуануға әлі ерте. Себебі нақты мәнде көрсеткіш небары 4,5%-ға артқан. 

"Яғни инфляция өсімнің негізгі бөлігін жеп қойған (15,7%). 2001 жылдан бері есептелетін номиналды және нақты өсу қарқыны арасындағы алшақтық осындай мәнге ие болмаған. Доллармен есептегенде қазақстандықтың орташа табысы 11,2%-ға (34,4 доллар), 341 долларға дейін артты. Бірақ бұл 2013 жылға қарағанда аз көрсеткіш (371,1 доллар)", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу