Елімізде бір басында 120 несиесі бар адам анықталды

Қазақстандықтар көбіне бір банкке ғана қарыз болғанды құп көреді.  

Елімізде бір басында 120 несиесі бар адам анықталды Фото: azattyq-ruhy.kz

Ал былтыр бір адамның өз атына 69 несие рәсімдегені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еліміздегі әрбір азамат орта есеппен 2 несие алатынын айтып отыр.

Мысалы, 2022 жылы бір азамат өз атына 79 несие рәсімдеген. Ал 2023 жылы қазақстандық ер адамның банктен алған қарызының саны 69-ға жеткен. Яғни, ол бір айда жобамен 5-6 несиеге кіріп отырған.

Ең сорақысы, елдегі кредит алудан рекордшы атанған әйел анықталды. Аты-жөні белгісіз азаматша 116 несиеге өтініш беріп, өз атына жазған. 

Қазақстандықтар көп жағдайда 1 банктен ғана несие алуды жөн санайды. Елдегі қарыз алушы 8,9 млн адамның 64 пайызы тек бір банкке қарыз болып шықты. Ал, екі банкке қарызы барлардың үлесі 26%-ды құраған. 3 банкке берешек болғандар үлесі 8%-ға жетіп-жығылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу