"El Umiti": Абай облысынан келген оқушы 2 миллион теңгені жеңіп алды

129

Астанада 15-17 жас аралығындағы дарынды жасөспірімдер арасында өткен "El Umiti" байқауы өз мәресіне жетті.    

"El Umiti": Абай облысынан келген оқушы 2 миллион теңгені жеңіп алды Фото: gov.kz

Биыл жобаға 500-ге жуық өтінім түсіп, іріктеу кезеңдерінен өткен 21 жас талант финалда бақ сынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қатысушыларға қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселені қысқаметражды фильм арқылы бейнелеп, оны шешудің тың жолын көрсету тапсырылды. Осы кезеңде Абай облысы "Білім инновация" лицейінің 11-сынып оқушысы Әлішер Әділхан "Гаджеттерге тәуелділік" тақырыбында 5 минуттан асатын фильм ұсынып, І орын иегері атанды.

Фильм бір апта ішінде дайындалған. Жоба қазақ тілінде түсіріліп, ағылшын субтитрлерімен толықтырылған.

Автордың айтуынша, әлеуметтік желіде көп уақыт отыру адамның зейінін төмендетеді. Осы ойды көрнекі түрде жеткізген жұмысы жоғары бағаланып, 2 млн теңге көлеміндегі бас жүлдеге лайық деп танылды.

Әлішер Әділхан болашақта жобасын жетілдіріп, фильмге ата-аналар бейнесін қосуды жоспарлап отыр.

"El Umiti" – жасөспірімдердің қабілетін шыңдап, спорт, білім, еріктілік, экология, ұлттық мұра сияқты салаларда өзін-өзі жетілдіруге жол ашатын маңызды республикалық платформа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу