Ел жолдарындағы ахуалды хабарлайтын мобильді қосымшасы іске қосылды

ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы тасжолдарды цифрландыру аясында онлайн және офлайн режимде навигациямен маршрут құру мүмкіндігін беретін "Sapar" мобильді қосымшасын іске қосты.  

Ел жолдарындағы ахуалды хабарлайтын мобильді қосымшасы іске қосылды Фото: yvision.kz

"Sapar" республикалық маңызы бар жолдардағы ахуал туралы (тасжолдарда қозғалыстың шектеліп/қайта ашылуы; айналма жолдар туралы ақпарат; жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелері), елдегі метео жағдай, ақылы жолдарға қатысты және т.б. ақпарат береді.

Мобильді қосымшада республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат жинақталған.

Қосымшаны пайдаланушылар жол бойындағы сервис объектілері көрсететін қызметтердің сапасын бағалай алады.

Ал республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттырып, жол пайдаланушыларымен кері байланысты нығайту мақсатында қосымшада ҚазАвтоЖолдың call-орталығын (1403 қысқа нөмірі бойынша) және 112 қызметін жылдам теру функциялары бар.

Бүгінгі таңда қосымша PlayMarket-те қолжетімді, жақын арада қосымша AppStore-да пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу