Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Елбасы "Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.